Халықаралық семсерлесу федерациясы Үндістанның Дели қаласында өтетін 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысушылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Тізімге Қазақстан құрамасынан 22 спортшы енген.
Шпага сайысында ел намысын Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Никита Жулинский, Кирилл Проходов, Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, София Николайчук және Дарья Самоделкина қорғайды.
Сабля бағдарламасында Артём Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы, Жанат Нәбиев, Назарбай Саттархан, Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Қайша Жаныбек және Анастасия Гулик бақ сынайды.
Рапира жарысында Тамерлан Қалиев, Ғалым Нұрымов, Тимофей Семенов, София Актаева, Алёна Гноева және Алина Искандерова өнер көрсетеді.
Айта кетейік, спортшылар тізіміне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Құрлық біріншілігі 19-24 маусым аралығында өтеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова