Сәтбаев ресми түрде “Челси“ ойыншысы атанды

12 тамызда қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаевтың "Челси" клубымен арадағы келісімшарты ресми түрде күшіне енді. Себебі ол 18 жасқа толды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Болашағы зор футболшының ағылшын клубына ауысатыны туралы ақпарат 2025 жылдың басында белгілі болған еді. Тараптар 2033 жылға дейін келісім жасады.

Transfermarkt мәліметінше, трансфер құны - 2,4 миллион еуро.

Дастан Сәтбаев "Челсиге" биыл шілдеде қосылды. Соған қарамастан қазақстандық футболшы лондондық клубтың бірнеше бақылау матчына қатысып, тіпті алғашқы голын да соғып үлгерді.

Айта кетейік, "Челси" - Англияның алты дүркін чемпионы, ел кубогын сегіз рет, Лига кубогын бес рет және Англия суперкубогын төрт рет жеңіп алған клуб.

Лондондық команда халықаралық аренада Чемпиондар лигасын, Еуропа лигасын және УЕФА суперкубогын екі рет жеңіп алды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!