"Челси" клубы келісімшарт мерзімі аяқталуына байланысты бірден төрт футболшы командадан кеткенін ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Көктер" сапынан жастар командасының өкілдері кетті. Қорғаушылар Броди Хьюз бен Ричард Олисе, сондай-ақ, жартылай қорғаушылар Сэм Рак-Сакьи мен Джимми Тауриайнен клубпен қоштасты.
Айта кетейік, биыл жазда "Челсидің" шабуыл шебін Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев толықтыруға тиіс.
Лондондық клуб "Қайрат" шабуылшысының трансферін 2025 жылы рәсімдеген болатын. Алайда келісімшартқа сәйкес футболшы ағылшын клубына кәмелет жасына толғаннан кейін ғана ресми түрде қосыла алады. Ол тамызда "Челси" сапына өтеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!