- Негізгі бет
- Спорт
- Сарапшы Айдос Ербосынұлының...
Сарапшы Айдос Ербосынұлының денсаулығы туралы жақсы жаңалықты бөлісті
ESPN телеарнасының сарапшысы және АҚШ-тағы бокстың танымал шолушыларының бірі Дэн Рафаэль қазақстандық Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) жағдайы туралы жақсы жаңалықты бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Дэн Рафаэль өз дереккөздеріне сілтеме жасап, Ербосынұлының медициналық комадан шыққанын және ауыр нокауттан кейін жақсарып келе жатқанын атап өтті.
Екі аптадан кейін қазақстандықтың денсаулығы жақсара бастаған. Дэн Рафаэльдің сөзінше, Айдос сөйлей алатын және белгілі бір дәрежеде жүре алатын күйге жетіпті.
Еске салайық, қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) супер орта салмақта (76,2 келіге дейін) кубалық Дэвид Моррелмен (8-0, 7 КО) жұдырықтасып, 12-раундта ауыр нокаутқа түскен еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина