Сәпиевпен “жаға жыртысты“ деген Есімханов мәлімдеме жасады

Сәпиевпен “жаға жыртысты“ деген Есімханов мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/daurenesimkhanov/

Серік Сәпиевтің орынбасары Дәурен Есімханов қоғамда қызу талқыланып жатқан жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Джиу-джитсудан әлем чемпионы Дәурен Есімханов бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Қазір әлеуметтік желілер мен БАҚ-та шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тарап жатыр. Арандатуға ермей, жағдайды ушықтыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді сұраймын", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Даурен Есимханов (@daurenesimkhanov)

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі мән-жайды айтты. Ведомство мәліметінше, 21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған.

"Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция бұған дейін.

Кейінірек желіде оқиғаның видеосы тарады. Сондай-ақ, боксшының өзі де мәлімдеме жасады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Серік Сәпиев - 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Қазір ол Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарады.

Дәурен Есімханов - Серік Сәпиевтің орынбасары және танымал спортшы, самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері, World Games-тің күміс жүлдегері, джиу-джитсудан әлем чемпионы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget