Сенбіде Алматыда Batyrball ойыны (күрес аралас баскетбол) кезінде Серік Сәпиев балуанмен жанжалдасып қалды. Балуан Зелімхан Мұсиханов Сәпиевке қарсы күрес әдісін қолданған, бұл боксшыға ұнамай қалып, кейін төбелес басталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жанжалға қатысты NAIZA лигасының президенті Нұрбек Қарабала пікір білдірді.
"Нақты бұл жағдайда Серік Сәпиевпен жекпе-жек доптан алыс өтті. Негізінде, ойында амплитудамен лақтырған үшін ұпай беріледі, бірақ мұндай лақтыру үшін берілмейді (ойыншы допсыз қалғанда - еск.). Барлық ойыншы мұны жақсы біледі, өйткені бұл бастапқыда ереже ретінде қарастырылған. Бұл жағдайда Серіктің ашуы орынды. Менің ойымша, Серікті жерден көтеріп алғанда, ол дұрыс әрекет етпей жатқандарын түсінді. Реакция осы кезден шықты.
Артем Резниковтың жағдайы жақсы мысал бола алады. Ол Мао Team тобының ойыншысымен доп үшін күресті. Доп қолына тимесе де, жігіт оны ұпай алуды ұйғарып, аяқтамақ болды (біз Резниковты қарсыластың амплитудамен лақтырған сәтін айтып отырмыз - еск.)" - деді ол.
Еске салайық, Batyrball ойыны (күрес аралас баскетбол) кезінде Серік Сәпиев балуанмен жанжалдасып қалды. Балуан Зелімхан Мұсиханов Сәпиевке қарсы күрес әдісін қолданған, бұл боксшыға ұнамай қалған, кейін төбелес басталған. Өзге ойыншылар спортшыларды ажыратып үлгерген.
Алайда олар кейінірек киім ауыстыратын бөлмеде тағы дауласқан. Sever-Yug командасының балуаны Зелімхан Мұсихановтың жаттықтырушысы Александр Гольцман болған жанжалға қатысты пікірін айтқан болатын. Бұл оқиғаға қатысты Серік Сәпиев те пікір білдірген еді. Кейін спортшымен төбелескен балуан мен оның бапкері боксшыдан кешірім сұрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!