Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай ширек финалға шықты. Отандасымыз 1/8 финалда өзбек боксшысы Шодиер Меликузевті жеңді.
48 килоға дейінгі салмақтағы жекпе-жекте отандасымыз айқын жеңіске жетті. Бірінші және екінші раундта қарсыласын қыспаққа алып, нокдаунға (екінші раундта) да түсірді. Қарсыласы құласа да, төрешілер нокдаунмен шектелді. Нәтижесінде 4:1 есебімен Санжар жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.
Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай жастар арасында Азия және әлем чемпионы атағына ие.
![]()
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!