Қытайдың Гуйян қаласында бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.
Санжар Тәшкенбай жартылай финалға өтті.
Екі дүркін әлем чемпионы, 50 келіде өнер көрсететін Санжар Тәшкенбай ширек финалда Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиевпен жұдырықтасты.
Отандасымыз жекпе-жекті толықтай бақылауда ұстап, барлық раундты өз еншісіне жазды. Есеп: 5:0.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова