Жеңіл салмақтағы екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокста алғашқы жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Боксшы 28 тамызда Астанада өтетін Халықаралық бокс күніне арналған кеш аясында алғаш рет кәсіпқой рингке шығады. Турнирді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) мен Nomad Fighting ұйымы өткізеді.
Санжар Тәшкенбайдың бірінші қарсыласы - филиппиндік Нил Джакамос. Кездесуде жеңіл салмақта бос тұрған IBF Asia тұжырымы бойынша чемпиондық белбеу сарапқа салынады.
Нил Джакамос кәсіпқой рингте сегіз жекпе-жек өткізіп, жетеуінде жеңіске жеткен және бір рет жеңілген.
Ал Санжар Тәшкенбай - әуесқой бокстағы ең табысты қазақстандық боксшылардың бірі. Ол әлем чемпионатын екі рет жеңіп, халықаралық додаларда тұрақты жоғары нәтиже көрсетіп келеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!