Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды msports.kz.
48 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз бірінші жекпе-жегінде айқын жеңіске жетті.
Тәжік боксшысы Мехрон Шафиевпен өткен шайқаста шеберлігін байқатты. Қорғана жүріп, қарсыласының қапысын таба білді. Екінші раундта бір рет нокдаунға да түсірді.
Жартылай финалда жапон боксшысы Казума Аратакемен кездеседі.
Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай - 2022 жылы Азия, 2023 жылы әлем чемпионы атанған боксшы.