18 қаңтарда Таиландта бокстан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні басталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтетін бұл турнирде Қазақстан атынан рингке бірінші болып Санжар Тәшкенбай шықты, 48 келідегі 1/8 финал айқасында оның қарсыласы қырғызстандық Анваржан Ходжиев болды.
Бұл жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Санжар жеңіске жетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!