Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатында нокдаунға түсті

Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатында нокдаунға түсті
Фото: ҰОК

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында үндістандық Вишванаш Сурешпен кездесті.

Үшінші раундта отандасымыз нокдаунға түсті. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен үндістандық боксшы жеңіске жетті. 

Сондай-ақ бүгін, 4 сәуірде Лаура Есенкелді (65 келіге дейін) жарыс жолын аяқтаған болатын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget