Астанадағы "IBА Сhampions Night" бокс кеші басталды. Алғаш болып шаршы алаңға шыққан Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысы Нодиржон Мирзаахмедовтен айласын асырды.
51 килоға дейінгі салмақтағы жекпе-жек жоспарланған 6 раундқа созылды. Төрешілердің бірауыз шешімімен қазақ боксшысы қарсыласын 3:0 есебімен айқын ұтты.
Нодиржон Мирзаахмедов екі дүркін Азия чемпионы атағына ие боксшы. Ал Санжар биыл Ташкентте өткен әлем чемпионатында 48 килоға дейінгі салмақта топ жарды.
Айта кетейік, IBA ұйымдастырып жатқан бокс кешінің басты кездесуінде Данияр Елеусінов ОАР елінен келген Джабулани Макхенсемен жұдырықтасады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!