Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатын сәтті бастады

Қазақстандық былғары қолғап шебері Санжар Тәшкенбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақта Хутайфа Эшишпен (Иордания) кездесті.

Бірінші раунд тең дәрежеде өтті. Дегенмен отандасымыз екінші және үшінші үш минуттықта жеңісті жұлып алды.

Енді Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) жартылай финалға шығу үшін сынға түседі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз