Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Санжар Еруланұлы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Санжар ақтық сында жапониялық Шокей Хираноны тізе бүктіріп, алтын медаль жеңіп алды.
Осылайша ұлттық құраманың қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Асқар Біржанов (100 келіге дейін) қола жүлде алған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!