Қазақстандық файтер Санжар Әділов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында жартылай финалда сынға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Владислав Семенов/ҰОК
Санжар Әділов финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте тәжікстандық Отабек Раджабовтан жеңіліп қалды. Осылайша, қазақстандық файтер Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.
Туризм және спорт министрлігі мәліметінше, бұл жүлденің тарихи маңызы зор. Себебі аралас жекпе-жек Азия ойындары бағдарламасына алғаш рет енгізілген. Санжар Әділов ММА бойынша Азия ойындарында жүлде жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшылардың қатарына еніп отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова