- Негізгі бет
- Спорт
- Сәкен Бибосынов лицензиялық...
Сәкен Бибосынов лицензиялық турнирдегі екінші жекпе-жегін де жеңіспен аяқтады
Италияда бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде Сәкен Бибосынов екінші жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
51 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Сәкен Бибосыновтың бұл жолғы қарсыласы кениялық Давид Каранжа Мачария болды. Бірінші раундтан бастап тізгінді уысында ұстаған Сәкен қорғаныста сауатты қимылдап, шабуылда соққыларын дәл тигізуінің арқасында төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
View this post on Instagram
Еске салайық, 51 килоға дейінгі салмақтың 1/32 финалында отандасымыз Гонконгтан келген Там Хун Хинмен жұдырықтасты. Жекпе-жек үшінші раундта отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Мырзағали Айтжанов шәкірті техникалық нокаутпен басым болып шықты.
Тағы да оқи отырыңыздар: Атмосфералық қысым артериялық қысымға қалай әсер етеді?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә