- Негізгі бет
- Спорт
- Сәкен Бибосынов лицензиялық...
Сәкен Бибосынов лицензиялық турнирдегі бірінші қарсыласын нокаутпен жеңіп шықты
Бүгін қазақстандық боксшылар Олимпиада ойындарына іріктеу турнирін бастады. Италиядағы жарыста бірінші болып шаршы алаңға шыққан Сәкен Бибосынов қарсыласын техникалық нокаутпен ұтып шықты.
51 килоға дейінгі салмақтың 1/32 финалында отандасымыз Гонконгтан келген Там Хун Хинмен жұдырықтасты. Жекпе-жек үшінші раундта отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Мырзағали Айтжанов шәкірті техникалық нокаутпен басым болып шықты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сәкен екінші айналымда Кения елінен келген Каранджа Давид Мачариамен жұдырықтасады. Олимпиада жолдамасын иелену үшін жартылай финалға шығу керек.
Айта кетейік, Бусто-Арсициодағы лицензиялық турнир 11 наурызға дейін жалғасады. Ерлер арасында – 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынады.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!