Қазақстан құрамасының мүшесі Сәкен Бибосынов Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
51 келіге дейінгілер арасындағы ширек финалда Бибосынов малайзиялық Гайюм Ариффинді 5:0 есебімен таза жеңді. Осының арқасында жерлесіміз сары құрлық бәсекесінде кем дегенде қола жүлдеге ілігіп отыр.
Еске салайық, Сәкен Бибосынов 5 қарашада ерлер арасында ринг төріне өзі шықты.
Сәкен Бибосынов 2021 жылы әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, Токио Олимпиадасының қола жүлдесін еншілеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!