Сағындық Тоғамбай ирандық боксшыны бірінші раундта нокаутқа түсірді (видео)

Сағындық Тоғамбай ирандық боксшыны бірінші раундта нокаутқа түсірді (видео)

92 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақ боксшысы Сағындық Тоғамбай Ханчжоудағы Азия ойындарының жартылай финалына шықты. Отандасымыз екінші жекпе-жегінде Иран елінен келген боксшы Туфан Шарифиді бірінші раундта нокаутпен жеңіп шықты.

Жартылай финалда Сағындық Тоғамбай қытайлық Сюэчжэн Ханмен жұдырықтасады. Қарсыласы ширек финалда өзбек боксшысы Лазизбек Муллажоновты жеңіп кеткен болатын. 

Сағындық қазақстандық боксшылар арасында бірінші болып жүлдеге ілікті. Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде де моңғол боксшысын уақытынан бұрын ұтып шыққан болатын.

Жартылай финалда жеңілген боксшы Азия ойындарының қола жүлдегері атанады. 

Айта кетейік, бұған дейін ерлер арасында Сәкен Бибосынов пен Нұрбек Оралбай жарыстан шығып қалған болатын. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

О. Сансызбай