92 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Ханчжоудағы Азия ойындарын сәтті бастады. Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде моңғол боксшысын техникалық нокаутпен ұтып шықты.
Сағындық Бариахаан Доржға қарсы жекпе-жегінде айқын басымдық танытты. Бірінші раундта қарсыласын бір рет нокдаунға түсірсе, екінші раундта тағы да төреші нокдаун ашты. Нәтижесінде жекпе-жекті тоқтатуына тура келді.
Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Бибосынов, Ертуған Зейнуллин, Махмұд Сабырхан мен қыздар арасында Назым Қызайбай келесі кезеңге шыққан еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!