Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Сағындық Тоғамбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, құрлықтық біріншіліктің ширек финалында жеңіске жетті.
1/4 финалда ол Қытай өкілі Ханя Сюэчженьді 4:1 есебімен жеңді.
Осылайша Сағындық Тоғамбай кем дегенде қола жүлдені өз еншісіне жазды.
Айта кетейік, бүгін, 5 сәуірде жартылай финалға Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін) мен Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) та шықты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz