Сағындық Тоғамбай бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық боксшы 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр.
Сағындық Тоғамбай алғашқы айналымда Исаак Окомен (Англия) жұдырықтасты. Қарсылас бірінші раундта басым түсті. Бірақ жекпе-жектің соңына қарай Сағындық Тоғамбай 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) келесі кезеңде Джек Марлеймен (Ирландия) күш сынасады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова