Садақ атудан Қазақстан құрамасының өкілдері Даккада (Бангладеш) өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Бунед Мирзаметов, Андрей Тютюн және Мұса Ділмұхамет садақ атудан командалық жарыста алтын медаль жеңіп алды.
Ақтық сында отандастарымыз Үндістан құрамасын қапы қалдырды. Ойын 230-229 есебімен аяқталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!