Сабыржан Аққалықов қытайлық боксшыдан жеңісті жұлып алды

Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр. Сабыржан Аққалықов екінші айналымға өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 80 келіге көтерілуге шешім қабылдаған Сабыржан Аққалықов 1/16 финалда жарыс қожайыны Хиабао Уангпен жолығып, қарсыласына ешқандай мүмкіндік бермеді. Қорытынды есеп: 5:0.

Енді отандасымыз 17 маусымда әлем чемпионы Жавохир Умматалиевпен (Өзбекстан) күш сынасады.

Айта кетейік, Наталья Богданова алғашқы айналымда Зио Баомен (Қытай) шиеленісті жекпе-жек өткізіп, 1:4 есебімен есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз