Сабырхандардың кішісі халықаралық турнирдегі бірінші айқасында жеңісті жұлып алды

Боксшы Төрехан Сабырхан Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite турнирінің ширек финалына өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда ол Кабо-Верде боксшысы Айлтон Монтейромен кездескен болатын.

Жекпе-жек қазақстандық спортшының айқын басымдығымен өтіп, төрешілердің ортақ шешімімен Төрехан Сабырхан жеңіске жетті: 5:0.

Айта кетейік, Boxam Elite турнирі 3-8 ақпан аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы жарысқа ерлер және әйелдер санатында да қатысып жатыр. Ерлер арасында 18 боксшы өнер көрсетсе, әйелдер арасында 14 спортшы бақ сынайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз