Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова спорттағы зорлық-зомбылық пен буллингке қатысты әлеуметтік желісінде жазба жариялады, деп хабарлайды Massaget.kz.
– Күш қолдану, буллинг секілді психологиялық қысым көрсетуге де жол берілмеуі керек. Жаттықтырушыларды мұқият тексеріп, олардың мінез-құлқы мен жұмыс тәсілдеріне баға беру қажет. Өкінішке қарай, волейбол саласындағы кейбір жаттықтырушыларға қарапайым әдеп пен қарым-қатынас мәдениеті жетіспейді. Менің ойымша, федерация әр жаттықтырушыны жан-жақты тексеруі керек. Көптеген командада психолог түгілі, дәрігер де жоқ, - деп жазды спортшы.
Айта кетейік, Павлодарда өткен 18 жасқа дейінгі Қазақстан біріншілігі кезінде шымкенттік клубтың жаттықтырушысы волейболшы қызға қол көтерген болатын. Бұл оқиғаға қоғамда қызу талқыланды. Жаттықтырушы қызметінен шеттетіліп, полиция қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастаған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
О. Сансызбай