- Негізгі бет
- Спорт
- "Сабақ болды". Бапкер...
"Сабақ болды". Бапкер Әлімханұлын "құрдымға" кетіре жаздаған себепті ашық айтты
Америкалық бапкер Бадди Макгирт қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) британиялық Дензел Бентлимен (17-2-1, 14 КО) өткен жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Allboxing.ru.
13 қарашада Лас-Вегаста өткен бокс кешінде 29 жастағы қазақстандық боксшы алғаш рет орта салмақтағы WBO белбеуін қорғады.
"Жақсы сабақ алдық. Бес рет қатарынан нокаутпен жеңгенде, кез келген қарсыласты сұлатам деп ойлай бастайсың. Ол тек бір соққымен құлатудың сәтін күтті, кейін өзіне келді.
Ол - әлем чемпион. Әлімханұлы - орта салмақтағы ең мықты боксшы. Ол жасау керегін жасады, титулын қорғап қалды", - дейді бапкер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова