- Негізгі бет
- Спорт
- "Сабақ болады". Таиландта...
"Сабақ болады". Таиландта белгісіз біреулер қазақстандық ММА файтерін тонап кеткен
Таиландта белгісіз біреулер қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Артем Резниковті тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Ол Instagram-парақшасында оқиғаның түнде болғанын айтты.
"Пхукеттегі қайырлы таң! Біз ұйықтап жатқанда виллаға кіріп, бізді тонап кетті! Олар 7 мың доллар (3 миллион 256 мың теңге) алып кеткен. Төлқұжаттарды тастап кеткендері жақсы болды. Міне, сондай демалыс...", - деп жазды қазақстандық.
Кейін Резников оқырмандарына ақшаға қатысты мәселе туындамағанын айтты.
"Көбі көмек ұсынып жазды. Рақмет, ақша бар. Ақша шотта. Қазір барып шешіп келемін. Ештеңе етпейді, жай ғана қағаз ғой. Ең бастысы, құжаттар орнында. Құжаттарды алып кетсе, онда жаман болар еді. Көмек қолын ұсынғанның барлығына рақмет және абай болыңыз. Мен бірінші рет тоналдым. Сондықтан болар, өзімді осылай ұстағаным: сөмкемді төменге қалдырып, жоғары қабатқа ұйықтауға кеттім. Бұл мен үшін сабақ болады", - деді жекпе-жек видеода.
31 жастағы Резников жеңіл салмақтағы Гран-при финалында жұдырықтасатын ACA лигасында өнер көрсетеді. Оның қарсыласы ресейлік Эдуард Вартанян болмақ.
Жекпе-жек мамыр-маусымға жоспарланған, жеңімпаз 200 мың доллар, 93 миллион теңге алады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек