Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина мен ресейлік теннисші, әлемнің 18-ракеткасы Людмила Самсоновамен Монреальдағы (Канада) турнирдегі жартылай финалдық матчы жаңбырға байланысты кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Матч бүгін, 13 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 04:00-де басталуы керек еді. Кейін сағат 23:30-ға ауыстырылды.
Бұл матчтың жеңімпазы финалда америкалық теннисші, әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегуламен ойнайды. Ол жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекті жеңді.
Әйелдер арасындағы жекелей турнирдің жүлде қоры - 2,7 миллион еуро.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!