Бүгін, 27 наурызда Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 7-ракеткасы Елена Рыбакина WTA 1000 Miami Open санатындағы ірі турнирдің (Флорида, АҚШ) 1/4 финалына шығу үшін ойнайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
23 жастағы Рыбакина үшін Майамидегі турнир - оның карьерасындағы ең үздік турнир. Ол карьерасында алғаш рет жарыстың 1/8 финалына шықты. Оның төртінші раундтағы қарсыласы дүниежүзінің 39-ракеткасы, 27 жастағы бельгиялық Элизе Мертенс болады.
Рыбакина мен Мертенс арасындағы кездесу Астана уақытымен шамамен 00:30-да басталады. Оларға дейін Кристиан Гарин мен Стефанос Циципас, одан кейін Джессика Пегула мен Магда Линетт ойнауы керек. Еленаның матчын Setanta Sports 1 арнасының тікелей эфирінен көруге болады.
Еске салайық, бүгін Елена Рыбакина қазақстандық жас теннисшілерге 2,5 миллион теңгеден сыйлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!