Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина теннисшілер арасында бірінші болып 2026 жылғы WTA қорытынды турниріне қатысуға кепілдік алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.
WTA Finals-2026 турнирі 8-15 қараша аралығында Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтеді. Жарысқа жеке сында маусымның үздік сегіз теннисшісі және сегіз үздік жұп қатысады.
Елена Рыбакина сәтті өткізген маусым нәтижесінде жеке сында қорытынды турнирге жолдама алған алғашқы теннисші атанды. 2026 жылы қазақстандық теннисші Australian Open және US Open турнирлерінде жеңіске жетіп, мансабында алғаш рет WTA әлемдік рейтингінде көш бастады.
Спортшы үшін алдағы WTA Finals төртінші қорытынды турнир болмақ. Ол алғаш рет бұл жарысқа 2023 жылы қатысқан, ал өткен маусымда бірде-бір матчта жеңілмей, турнирдің басты жүлдесін иеленді.
Айта кетейік, WTA Finals - әйелдер арасындағы кәсіби теннис маусымын қорытындылайтын басты турнирлердің бірі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова