Рыбакина WTA чемпиондық жарысында көш бастады

Рыбакина WTA чемпиондық жарысында көш бастады
Фото: ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонтода өткен WTA 1000 санатындағы турнир қорытындысы бойынша WTA чемпиондық жарысында қайтадан бірінші орынға көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші Канададағы жарыста финалға дейін жетіп, чемпиондық жарыста бірден екі сатыға жоғарылады. Қазір Елена Рыбакинаның еншісінде 5277 ұпай бар.

Екінші орында 5065 ұпай жинаған Беларусь өкілі Арина Соболенко тұр. Бұған дейін чемпиондық жарыста көш бастаған ресейлік Мирра Андреева 5064 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.

Торонтодағы турнирдің чемпионы атанған польшалық Ига Швёнтек екі сатыға көтеріліп, 2954 ұпаймен оныншы орынға шықты. Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева бір саты төмендеп, WTA чемпиондық жарысында 760 ұпаймен 57-орында тұр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget