Рыбакина WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты

Рыбакина WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елена Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 22-орында тұрған канадалық Лейла Фернандеспен шеберлік байқасты.

Бірінші партия 6:4 есебімен Еленаның пайдасына шешілді. Екінші сетте Рыбакина 3:0 есебімен алға кетті. Осылайша жарысты сәтті аяқтады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget