Рыбакина Уимблдондағы тарихи жеңісінен қандай табыс тапқаны белгілі болды

Рыбакина Уимблдондағы тарихи жеңісінен қандай табыс тапқаны белгілі болды
Фото: ©REUTERS

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдондағы турнирдің жартылай финалына шыққаны үшін қомақты жүлдеге ие болады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

23 жастағы Рыбакина карьерасында алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінің 1/2 финалына шығып, аустралиялық Айлу Томляновичті жеңді. Бұл нәтиже қазақстандық спортшыға 535 мың фунт (шамамен 298 миллион теңге) табыс әкеледі. 

Енді әлемнің экс-бірінші ракеткасы румыниялық Симон Халепті жеңген жағдайда жүлде екі есеге - 1 миллион 50 мың фунтқа (шамамен 585 миллион теңге) артады. Турнир чемпионы екі миллион фунт (миллиард теңгеден астам) ақша алады. 

Айта кетейік, Рыбакинаның Халеппен жартылай финалдық матчі бүгін, 7 шілдеде Нұр-Сұлтан уақытымен 20.00-де басталады.

Г. Досымшалова