Рыбакина Уимблдон-2026 турнирінде америкалық теннисшіні қапы қалдырды

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" санатындағы Уимблдон турнирінде қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 50-ракеткасы, америкалық Кэти Макналимен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Елена Рыбакинаның жеңісімен аяқталды: 6:1, 6:2.

Теннисшілер кортта 1 сағат 11 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена Рыбакина бір эйс жасап, үш қос қатеге жол берді және 10 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Ол үшінші айналымда әлемнің 25-ракеткасы, бельгиялық Элизе Мертенспен кездеседі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз