- Негізгі бет
- Спорт
- Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің...
Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің алғашқы раундында өзін балағаттаған теннисшімен ойнайды
АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның алғашқы кездесудегі қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл турнир хард төсенішінде өтеді.
Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина бұл турнирді бірден екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы "Ролан Гаррос-2017" чемпионы - әлемдік рейтингіде 20-орында тұрған латвиялық Елена Остапенко болмақ.
Бірінші айналымдағы кездесуде Остапенко әлемнің экс-бірінші ракеткасы, чехиялық теннисші Каролина Плишковамен (№25) кездесті. Латвиялық бірінші сетте 1:6 есебімен жеңіліп қалғанымен, келесі екі сетте 6:3, 6:4 есебімен ұтып кетті. Кездесу 1 сағат 49 минутқа созылды. Остапенко 15 брейк-пойнттың жетеуін сәтті пайдаланып, сегіз рет қос қате жіберіп, төрт эйс жасады.
Рыбакина мен Остапенконың матчы бүгін, 16 тамызда Астана уақытымен 20:00-де өтеді.
Теннисшілер осыған дейін төрт рет кездескен, есеп 2:2. Төрт матчтың екеуі биыл өтті, екеуінде де Рыбакина жеңіске жетті. Ал қарсыластардың кейінгі ойыны дау-дамаймен аяқталып, Остапенко кортта қазақстандықты балағаттаған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан