Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Серена Уильямс атындағы топта бірінші орын алып, WTA-2025 қорытынды турнирінің жартылай финалына мерзімінен бұрын шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Америкалық Аманда Анисимова Мэдисон Кизді 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңгеннен кейін отандасымыз жартылай финалға өтті.
Топтық кезеңде Елена Рыбакина екі жеңіске жетті: алдымен Аманда Анисимованы 6:3, 6:1 есебімен ұтты, ал кейін польшалық Ига Швентекті 3:6, 6:1, 6:0 есебімен тізе бүктірді.
Бұл - қазақ теннисі үшін тарихи жетістік. Елена Рыбакина жекелей сайыста WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!