Рыбакина Соболенкоға есе жіберді

Рыбакина Соболенкоға есе жіберді
Фото: instagram/lenarybakina

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ширек финалда қазақстандық спортшы әлемнің бірінші ракеткасы - Беларусь өкілі Арина Соболенкомен өзара мықтыны анықтады.

Кездесу екі сетке созылып, Арина Соболенко 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget