Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Мадридтегі турнирден шығып қалғаннан кейін әлемдік рейтингтегі орнын өзгертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші украиналық Элина Свитолинадан 3:6; 4:6 есебімен жеңіліп, қарсыласына Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінің 17-орнынан 14-орнына көтерілуге мүмкіндік берді. Елена Рыбакина қазір 12-орында.
2025 жылғы 5 мамырдағы әлемдік рейтинг
1. Арина Соболенко (Беларусь) - 11 118 ұпай;
2. Ига Швентек (Польша) - 6773 ұпай;
3. Коко Гауфф (АҚШ) - 6603 ұпай;
...
12. Елена Рыбакина (Қазақстан) - 2983 ұпай;
29. Юлия Путинцева (Қазақстан) - 1668 ұпай.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова