Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Италияның Рим қаласында WTA 1000 турнирінде өнер көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Жарыстың төртінші айналымында әлемнің екінші ракеткасы чехиялық теннисші, кезінде рейтингте көш бастаған Каролина Плишкованы (130 WTA) айқын басымдықпен жеңді.
Небәрі 57 минутқа созылған кездесуде отандасымыз қарсыласын екі сетте 6:0, 6:2 есебімен тас-талқан етті. Осы жеңісінің арқасында Елена Рыбакина Каролина Плишковамен өткен өзара кездесулеріндегі есепті еселей түсті.
Рим турнирінің жартылай финалына жолдама алу үшін Елена Рыбакина әлемнің оныншы ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен шеберлік байқасады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!