Әлемнің екінші ракеткасы, Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің екінші айналымында әлемдік рейтингте 47-орында тұрған Грекия өкілі Мария Саккариді жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Championat-қа сілтеме жасап.
Спортшылар арасындағы кездесу 1 сағат 16 минутқа созылып, 6:4, 6:1 есебімен аяқталды.
Матч барысында Саккари бірде-бір эйс жасамады, екі рет қос қателік жіберіп, екі брейк-пойнттың екеуін де сәтті пайдаланды. Рыбакина бес рет эйс жасап, ол да екі рет қос қателік жіберді және 12 брейк-пойнттың алтысын жүзеге асырды.
Келесі айналымда қазақстандық теннисшінің қарсыласы филиппиндік спортшы Александра Эала болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!