Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық разрядтар бойынша жаңартылған рейтингті жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен WTA 1000 санатындағы беделді турнирдің финалына дейін жетіп, екінші орынға көтерілді. Бұған дейін ол бір саты төмен тұрған еді. 

Әлемдік рейтингтің көшбасшысы болып Беларусь өкілі Арина Соболенко қалды, ал үздік үштікті бұрын әлемнің екінші ракеткасы болған Польша теннисшісі Ига Швёнтек түйіндеді.

wtatennis.com

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!