Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина MLS-гі "Нью-Йорк Ред Буллз" және Лионель Месси ойнайтын "Интер Майами" командалары арасындағы ойынды барып тамашалады.
Не деген атмосфера! Айрықша тәжірибе үшін рақмет", - деп жазды теннисші instagram парақшасына.
Ойын Хэррисондағы "Ред Булл Аренада" өтті. "Интер Майами" алаң иелерін 2:0 есебімен ұтып, MLS-те 11 ойын бойы жеңе алмай келген сәтсіздігіне нүкте қойды. Месси ойынға 60-минутта қосылып, 1 гол соқты. Бұл оның MLS-гі алғашқы голы. Бір голды Диего Гомес өз еншісіне жазды.
Елена Рыбакина бүгін түнде Нью-Йорктағы US Open турнирін бастайды. Алғашқы қарсыласы – украиналық Марта Костюк. Ойын Астана уақытымен түнгі сағат 00:30 шамасында басталады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!