- Негізгі бет
- Спорт
- Рыбакина матч кезінде...
Рыбакина матч кезінде жаттықтырушысына айғайлап берді
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның бүгін Майамидегі турнирдің жартылай финалындағы эмоционалды әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші екінші сетте жаттықтырушысы отырған жаққа бұрылып айғайлап берді. Ол "Аузыңды жапшы!" (Shut up) деген болуы мүмкін. Бұл Стефано Вукичке ұнамаған сияқты.
Еске салайық, бүгін қазақстандық теннисші Miami Open турнирінің финалына шықты. Ол америкалық теннисші Джессика Пегуламен ойнады. Елена Рыбакина америкалықтан 7:6(3), 6:4 есебімен жеңісті жұлып алды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан