Рыбакина Канададағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

1/8 финалда қазақстандық теннисші ресейлік Людмила Самсоновамен кездесті.

Үш сетке созылған тартысты кездесуде Елена Рыбакина 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Елена Рыбакинаның ширек финалдағы қарсыласы Жапония өкілі Наоми Осака болмақ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!