Рыбакина Канададағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Рыбакина Канададағы турнирдің ширек финалына жолдама алды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төртінші айналымда Қазақстанның бірінші ракеткасы украиналық Даяна Ястремскаяны (WTA рейтингінде 35-орында) 5:7, 6:2, 7:5 есебімен жеңді.

Кездесу 2 сағат 33 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина жеті эйс жасап, тоғыз қос қате жіберді және тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Жартылай финал жолдамасы үшін Елена украиналық Марта Костюкпен кездеседі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget