Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Жартылай финалда әлемнің екінші ракеткасы америкалық Кори Гауффті жеңді.
Алғашқы кезеңде Кори Гауфф басым түсіп, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Алайда қалған екі сетте Елена Рыбакина 6:2, 6:2 есебімен басымдық танытып, финал жолдамасын иеленді.
Шешуші кездесуде қазақстандық теннисші Польша өкілі Ига Швентекпен кездеседі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!