Рыбакина жылдың алғашқы турнирінің ширек финалына шықты

Рыбакина жылдың алғашқы турнирінің ширек финалына шықты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбенде (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда рейтингте 25-орында тұрған испаниялық Паула Бадосамен бетпе-бет келді.

Қарсыластар бұған дейін сегіз рет кездесіп, төрт-төрттен жеңіске жеткен еді. Кейінгі үш ойында Елена Рыбакина ұтқан болатын.

Бұл жолы бірінші партияда 2:0 есебімен Паула Бадоса алға шыққанымен, Елена Рыбакина таразы басын теңестіріп қана қоймай, брейкпен тәмамдады: 6:3. Екінші сетті де қазақстандық теннисші қарқынды бастады: 3:0.

Кездесу 1 сағат 23 минутқа созылған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget