Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші кезеңінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жерлесіміз бұл кезеңде АҚШ өкілі Хейли Баптистпен өзара мықтыны анықтады.
Матч 1 сағат 13 минутқа созылып, Рыбакина жалпы есепте 6:4, 6:3 есебімен қарсыласынан басым түсті.
Келесі айналымда отандасымыз румыниялық Жаклин Кристианмен кездеседі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова